Функциональдық анатомиясы

ДӘРІС №16

Тақырыбы : Аналық және аталық жыныс бездерінің функциональдық анатомиясы мен дамуы. Даму ақаулары.

Жоспары:

Аналық жыныс мүшелерінің дамуы.

2. Жатырдың, жатыр түтігінің және жұмыртқаның

Функциональдық анатомиясы.

Аналық жыныс мүшелерінің даму ақаулары.

Аталық жыныс мүшелерінің дамуы.

Еннің функциональдық анатомиясы.

Еннің қабықтары және олардың туындылары.

Еннің умаға түсу процесі.

Шәуеттің шығару жолдары.

Тұқым шылбыры және шәует шығару жол.

Тұқым көпіршігі.

Аталық жыныс мүшелерінің даму ақаулары.

Аналық жыныс мүшелерінің дамуы.

Адам эмбриоында жыныс бездері 5-ші аптада пайда болып, 6-шы аптаға дейін біркелкі түрдей хромосомдық аталық және аналық ұрықтары дамиды. Бұл алғашқы жыныс безі, ен болыпта, жұмыртқа болыпта есептелмейді.

Ол аталық немесе аналық жыныс бездеріне жасырынды даму қабілетіне ие болады. Сонымен, ішкі құрсақтың дамудың ерте кезеңінде ұрықтың дамуын «қос жынысты! Тірі организм /гермафродит/ ретінде қарастыруға болады.

Алғашқы жыныс безінде екі зонаны ажыратады.

1. Сыртқы, қыртысты-дәнекер ұлпамен көрсетілген.

2. Ішкі, миы-эпителиальді ұлпамен көрсетілген.

Дәнекер ұлпаның бастамасы алғашқы бүйректің даму процесінен қалыптасады, одан вольфов денесі пайда болады. Вольфов денесін жауып тұратын эпителий көп қабаттық эпителийден дамиды, немесе оны алғашқы жыныс безінің эпителиальді бастамасы /ұрықтық білік немесе белдік / деп атайды. Оның құрамында ұрықтық қапшықтан дамитын алғашқы жыныс клеткалары (гоноциттер) болады.

Ұрықтық белдік вольфов денесінен ішіне енеді. Ол алғашқы жыныс топ тартпалары, олар үш типті клеткалардан тұрады.



1. Алғашқы жыныс клеткалары (гоноциттер) –болашақ сперматозоидтар және овоциттер.

2. Дәнекер клеткалар-болашақ жыныс бездерінің трофикалық және қорғаныш қызметін атқарады.

Аталық және аналық жыныс бездерінің диффенецировкасы ішкі құрсақтық дамудың 6,5 аптасынан басталады. Алғашқы жыныс безінен жұмыртқаның дамуы дамудың 10 және 14 апта аралығында жүреді.

Дамуға түрті болып жаңа эпителиальді клеткалардың –болашақ овоциттердің қыртысты зонаға енуі саналады. Дәнекер клеткалар аналық жыныс гормондарын өндіреді. Сонымен, овоцитті қоршаған гранулярлық қабат пен дәнекер клеткалары алғашқы фолликуланы түзеді. Жыныстық жетілу кезеңіне дейін аналық жыныс мүшелерінің дамуына жыныс гормондары керек емес, даму сатысы ырықсыз түрде жүреді.

Жатыр түтігі несеп немесе Мюллер жолының жоғарғы бөлігінен, ол жолдың төменгі бөліктері бір-бірімен қосылып жатырда және қынаптың жоғарғы 1/3 бөлігін түзеді. Жыныс жолы бекітіліп жұмыртқаның қосымшасына және жұмыртқа маңына айналады.

3. Жатырдың, жатыр түтігінің және жұмыртқаның

функциональдық анатомиясы.

Жатыр баланы туғанша көтеріп жүруге арналған. Ұрық орнының дамуына байланысты, ұрықтың дамуы мен қоректенуіне оптимальді жағдайлар жасалады. Сонымен қоса ұрық орны ұрықтың шығару қызметі мен алмасу процесін қамтамасыз етеді. Жүктілік кезінде жатыр сапалық және сандық өзгерістерге ұшырайды. Бұлшықет клеткаларының размері ұлғаяяды және олардың саны да ұлғаяды. Сонымен қатар, жүктілік жатырда бірталай өзгерістер болады.



Жатырдың кілегейлі қабығы немесе эндометрийінің жағдайы жұмыртқаның функциональдық жағдайына байланысты.

Аналақ жыныс жүйесінің қызметінде циклдік байқалады.

Етеккір циклінің 3 фазасын ажыратады (21-30 күнге созылады)

1. Етеккір фазасы-3-5 күнге созылады, базалды қабаттан кілегейлі қабық күшпен алынады. Тамырдың жиырылуынан 30-50 мм. Қан бөлініп шығарылады.

2. Аралық, постменструальдық фаза, 12-15 күнге созылады. Пісіп жетілудегі фолликуладан бөлінген эстроген гормонының әсерінен кілегейлі қабықтың қалпына келу процесі жүреді. Жатыр бездерінің қуысы тар, секерті жоқ.

Овуляциядан кейін (14 күн) жұмыртқаның сары денесі прогестерон бөледі. Гормон бездердің кілегейлі қабығы мен эпителийдің қалпына келуінің нығайтушы стимуляторы болып саналады.

3. Пременструальдық, функциональдық фаза 10 күнге созылады. Эпителиальді клеткаларда гликоген, липидтер, витаминдер, микроэлементтер жиналады, яғни кілегейлі қабық ұрықтанған жыныс клеткасы қабылдауға және ұрық орнының дамуына дайындалады. Жүктілік болмаған жағдайда менструация басталады.

Жатырдың келесі қызметі-туу актысы уақытында ұрықты қуып жіберу.

Жатыр түтігінің қызметі:

1. Жыныс клеткасының ұрықтануы жатыр түтігінің ампуласында жиі пайда болады.

2. Ішперде қуысынан жатырға клеткасын өткізу. (транспорттық қызмет). Бұл екі себепке байланысты жүреді.

· Жатыр түтігінің бұлшықет қабатынан перистальтикалық жиырылуына байланысты.

· Жатыр түтігінің кілегейлі қабығының кірпіктік эпителиінің теңселуіне байланысты. Еске сала кететін жағдай, менструальдық циклдің алғашқы жартысында теңселу жатырдан, овуляциядан кейін жатырға бағытталған.

Жұмыртқаның функциональдық анатомиясы.

Жұмыртқа екі қызмет атқарады:

1. Ішкі секреция безі болып саналады, яғни қан мен лимфаға гормондар бөледі.

2. Генеративтік қызмет-жыныс клеткаларын түзеді. Сонымен жұмыртқа аралас типті жыныс безі.

Жұмыртқаның өсуі балалық шақтан жыныстық жетілу мерзіміне дейін жүреді.

Жаңа туған қыздың жұмыртқасында 400 000 мың жыныс клеткалары бар, кейін көбі өліп, жыныстық жетілу кезеңінде 200-300 қалады. Бірақ, өмір сүру уақытында, теориялық 20-50 жыныс клеткасы ұрықтануы мүмкін, практикалық одан да аз. Жетілуге бейімделген жыныс клеткалары, яғни жұмыртқаның милы қабатынан дамитын клеткалар қыртысты қабатқа көтеріліп, оның беткейінде граафов көпіршектері түрінде пайда болады.

Бұл процесс гипоталамус-гипофиз жүйесінің әсерінен циклдік түрде жүреді (менструальдық цикл). Бұл циклді овуляция да жарылған граафов көпіршегінің орнына алғаш лютеинді, кейін прогестеронды түзетін сары дене пайда болады. Прогестерон жаңа фолликулалардың дамуын тежейді. Жүктілік болмаған жағдайда сары дене атрофияға ұшырап тыртыққа айналады.

Әйелдердің екінші жыныс белгісінің дамуы және де психико-эмоциялық жағдайы жұмыртқаның түзетін гормондарына байланысты.

Бұл гормондарға:

4. Эстрадиол-сары дененің тыртыққа өтуіне әсер етеді, сонымен қатар фолликулалардың жетілуіне және менструальдық циклдің дамуына әсер етеді.

5.Прогестерон-бездердің секрециясын және жатырдың кілегейлі қабығының дамуын, сонымен қатар ұрықтың дамуына, сүтбездерін ұлғайтып, дамуын реттейді.


7829133105454214.html
7829155756547301.html
    PR.RU™